COVID-19

ДДҰ: «Омикрон штамы пандемияның соңы болуы мүмкін»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы омикрон штаммын Еуропадағы пандемияның соңы болуы мүмкін деп болжады. Бұл туралы Bugin.kz порталы  view.afp сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге вакцинация ұжымдық иммунитетті дамытуға көмектесетінін айтты. 

- «Аймақ індеттің қандай да бір соңғы фазасына жақындап қалуы әбден мүмкін. Бірнеше апта немесе ай ішінде вакцинаға байланысты немесе адамдар инфекцияға байланысты иммунитетке ие болғандықтан жаһандық иммунитет қалыптасады. Сондықтан біз оны жыл соңына дейін жоқ боп кетеді деп болжап отырмыз», - деді Ханс Клюге.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс бұрын CWI Omicron нұсқасы Delta-ға қарағанда тез таралады және вакцинацияланған немесе сауығып кеткен науқастардың жұқтыруға қабілетті екенін айтқан болатын.